Бұл қызмет үш ақпараттық ресурста орналастырылған:
•https://www.gov.kz/referendum
•https://referendum.gov.kz/
•https://referendum2022.gov.kz/
Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумның өз учаскесiн табады. Егер учаске болмаса, әкiмдiктердiң call-орталықтарының тiзiмi автоматты түрде көрсетiледi.
Есептен шығару куәлiгi арқылы дауыс беру үшiн не iстеу керек?
Азамат өзiнiң жүрген жерiн ауыстырған жағдайда, ол учаскелiк комиссияға өтiнiш негiзiнде 20 мамырдан бастап 4 маусым күнi сағат 18:00-ге дейiн есептен шығару куәлiгiн алуға құқылы.
Есептен шығару куәлiгiн сенiмхат негiзiнде алуға жол берiледi. Бұл ретте сенiмхатты нотариалды куәландыру мiндеттi емес.
Есептен шығару куәлiгiн көрсеткен кезде учаскелiк комиссия дауыс беру күнi азаматты оның келген жерi бойынша учаскедегi тiзiмге енгiзедi.
Есептен шығару куәлiгi бiр елдi мекен шегiндегi басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетiн азаматтарға берiлмейдi.
5 маусымда сағат 7:00-ден 20: 00-ге дейiн Қазақстанда Конституцияға өзгерiстер енгiзу бойынша республикалық референдум өтедi. Қазақстандықтар 52 елде дауыс бере алады.