A- A A+
«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Ереже

1. Жалпы Ережелер

1. «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (келесi-Бөлiм) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Президенттiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен, сонымен қатар осы Ережемен жүзеге асырылады.

3.ииБөлiм мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлғаболып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауымен мөрi және штампы болады, белгiленген үлгiдегi бланкiсi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес — қазынашылық органдарда есептерi болады.

4. Бөлiм өз атынан азаматтық — құқықтық қатынастарға кiрiседi.

5. Бөлiм егер ол Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уәкiлеттi болатын болса мемлекеттiң атынан азаматтық — құқықтық қатынастарға кiрiсу құқығына ие.

6. Бөлiм өз құзырындағы мәселелер бойынша белгiленген заң тәртiбiмен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бөлiм бастығының бұйрығымен және басқа да актiлерiмен рәсiмделген шешiм қабылдайды.

7. Бөлiм қызметкерлерiнiң штаттық лимит және құрылымы қолданыстағы заңнамамен бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141, 306,308 кабинет.

9. Бөлiмнiң толық атауы мемлекеттiк тiлде — «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiнде — Государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Кокшетау».

10. Қолданыстағы Ереже «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

11. Бөлiм қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджетпен жүзеге асырылады.

12. Бөлiмге «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi болып табылатын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мiндеттерiн орындауда келiсiмшарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер бөлiмге заңнамалық актiлермен қызметке кiрiс әкелудi жүзеге асыратын құқық берiлген болса, осындай қызметтен түскен кiрiстер, мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен құқықтары және функциялары, негiзгi тапсырмалары, миссиялары

13. Миссия:

Мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әрекеттi жүзеге асыру және қол ұшын беру, ақпараттандыру облысында қолжетiмдi және сапалы қызметтердi ұсынуға бағытталған, ұлттың қалыпты дамуы, Қазақстанның қабiлетi әлемдiк елге енуi, мемлекеттiлiктi нығайту мен азаматтарда әлеуметтiк белсендiлiктi қалыптастыру.

14. Мiндеттерi:

1) iшкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) өңiрдегi жергiлiктi атқарушы органдардың әлеуметтiк-эканомикалық, мәдени және қоғамдық — саяси салалардағы мемлекеттiк саясаттың негiзi басымдықтарын iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң, қала әкiмiнiң бөлiмi құзырына қатысты мәселелелер бойынша актiлер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстанның 2050 жылға деiнгi даму стратегиясының, Президенттiң жылсайынғы Қазақстан халқына жолдауының, мемлекеттiк және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негiзi басымдықтарын түсiдiру және насихаттауды қамтамасыз ету;

5) өңiрде iшкi саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;

6) қалада iшкi саясат саласындағы жұмыстарды ұымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарының тиiмдi iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

7) қаладағы iшкi саяси процестердi және олардың даму үрдiстерiн зерделеу мен оларға талдау жүгiзудi қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңiрдiң қоғам жұртшылығының өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау болып табылады.

15. Функциялары:

1) iшкi саясаттың негiзгi бағыттары бойынша, оның iшiнде бiлiм, денсаулық сақтау халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту этносаралық және конфессияралық келiсiм, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттiк рәмiздердi насихаттау, тiл, ақпараттық, мәдени, гендерлiк және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңiрдегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) iшкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн және қоғамдық топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де iс-шаралар кешенiн iске асыру, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, нашақорлыққа қарсы әрекет жасау;

3) өңiрдегi iрi қоғамдық-маңызды iс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдаструшылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтiк-эканомикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

5) Президенттiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсiндiру мен насихаттау жөнiндегi қалалық деңгейдегi ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) қызметiн ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкiметтiк емес ұымдармен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пiкiр жетекшiлерiмен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7) бөлiмнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қала әкiмдiгiнiң жанында әрекет ететiн консультативтi-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарының қызметтерiн қамтамасыз ету;

8) қаладағы қоғамдық — саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның iшiнде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың қызметтерiне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтiк және саяси зерттеулер жүргiзу;

9) қаладағы мемлекеттiк ақпараттық саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету, оның iшiнде БАҚ мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстарды орындау жөнiндегi қызметтерiн әдiстемелiк қолдау және олардың қызметтерiн үйлестiру, БАҚ заңнаманы сақтау жөнiндегi қызметiне мониторинг жасау;

10) әлеуметтiк маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттiк тапсырыстарды тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету, оның iшiнде конкурстық рәсiмдер мен жобалардың iске асырылу барысында мониторинг жүргiзу;

11) концептуалдық құжаттарды әзiрлеуге, бөлiмiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша қала әкiмi актiлерiнiң жобаларын дайындауға және сараптауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бөлiм құзырына кiретiн мәселелердi талдау;

12) жоғары тұрған мемлекеттiк органдармен, мәслихатпен, қала әкiмiнiң аппаратымен бөлiм құзырына кiретiн мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

13) бөлiм құзырына кiретiн мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жiктеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

16. Құқығы мен мiндеттерi:

1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiппен сұрауға, бөлiмнiң құзырына кiретiн мәселелердi пысықтауға мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тартуға, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшiн уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi саясат саласындағы қызметтерiн жетiлдiру бойынша қала әкiмiне ұсыныстар енгiзуге;

3) бөлiмнiң қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың өткiзетiн iс-шараларына қатысуға;

4) өңiрлiк бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

5) мирастық құқығы бойынша бағынысты мекемелер құру, оларға ие болу және олардың қызметтерiн үйлестiруге;

6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттiк органдарға бөлiмнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша кеңестiк-әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге құқығы бар.

7) жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажеттi шараларды қолданып және жауакершiлiк тартады.

3. Бөлiмнiң қызметiн ұйымдастыру

17. Бөлiмдi басқару бөлiмге мiндеттелген функциялар мен тапсырмаларды орындауға жауапкершiлiк алатын бөлiм басшысымен жүзеге асырылады.

18. Басшы лауазымына тағайындалады және Көкшетау қаласы әкiмнiң өкiмiмен лауазымнан босатылады.

19. Бөлiм басшысының мiндеттерi:

1) ұйымдастырушылық және бөлiм жұмысын басқарады;

2) бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiгiн анықтайды;

3) бөлiм қызметкерлерiн тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

4) белгiленген заңнамалық тәртiппен бөлiм қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданылады;

5) өз құзырының шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, қызметтiк құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарда бөлiмнiң атынан өкiлдiк етедi;

7) бөлiмнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердi, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;

8) бөлiмнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша есептiк материалдарды дайындау жөнiңдегi жұмыстарды бақылайды;

9) бөлiмнiң Стратегиялық жоспарының iске асырылу барысын үйлестiредi;

10) белгiленген тәртiппен қаржылық — экономикалық және шаруашылық қызметтерiң мәселелерiн шешедi, бюджеттiк қаражаттардың тиiмдi және мақсатты орындалуын бақылайды;

11) заңдылықтың, бөлiмнiң қызметiндегi келiсiмшарттық және қаржылық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәкес өзге де өкiлеттiлiктi жүзеге асырады.

13) бөлiм басшысының мiндетiн ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәкес, оның орнын ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Бөлiмнiң мүлкi

20. Бөлiм өз мүлiктерiн заңнамамен қарастырылған жағдайда ғана басқара алады. Бөлiмнiң мүлкi оған берiлген меншiк, сонымен қатар мүлiк (ақшалай кiрiстердi қосқанда), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншiк иесiнiң қызметiне алынған есебiмен құрылады.

21. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк, коммуналдық меншiкке жатады.

22. Бөлiм қаржыландыру жоспарымен берiлген ақшаға алынған өзiне бекiтiлген мүлiктi қолдануға құқылы, егер басқасы заңнамамен бекiтiлген болмаған жағдайда.

5. Бөлiмдi қайта құру және тарату

23. Бөлiмдi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

24. Көкшетау қаласы iшкi саясат бөлiмiнiң «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

25. «Көкше-Меdia» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

Бөлiм басшысының                                                                                                             Б.Темірболат

Мақаланың шыққан күні: 20.04.2016 16:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2020 11:33
Қаралым саны: 2097

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента akorda
@2022 «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»