A- A A+
«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
kokshe_qr
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: IС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢI

Құрметтi отандастар!

Құрметтi Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкiмет мүшелерi!

Парламенттiң кезектi сессиясының жұмысы күрделi кезеңде басталып отыр.

Елiмiзде жер-жаһанға зор қауiп төндiрген пандемияға қарсы күрес әлi де жалғасуда. Бiз азаматтардың өмiрiн және денсаулығын қорғау үшiн бар күш-жiгерiмiздi бiрiктiрдiк. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.

Iндетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердiң арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тiлеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екенi анық байқалды.

Дәрiгерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ерiктiлерге, кәсiпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сiздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершiлiктiң жарқын үлгiсiн көрсеттiңiздер.

Бұл Отанға деген шынайы сүйiспеншiлiктiң көрiнiсi деп санаймын.

Қазiргi күрделi жағдайда алдымызда тұрған басты мiндет — әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екi топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерiнде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршiлес елдерде, тiптi басқа iрi мемлекеттерде берiлген жоқ.

Миллионнан астам адамға азық-түлiк және тұрмыстық заттар қоржыны берiлдi. Елбасы — Nur Otan партиясы Төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Бiргемiз!» қорының қолдауымен бiржолғы қаржылай көмекке ие болды.

Пандемия барлық мемлекеттер үшiн сынақ кезеңiне айналды. Олар iндетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бiр жерде ахуал тұрақтанса, екiншiсiнде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда.

Үкiмет жiберiлген қателiктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя бiлдi. Ең бастысы — бiз азаматтардан еш нәрсенi жасырмай, iндеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл — кейбiр мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.

Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиiс. Күрес әлi жалғасуда. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшiн кем дегенде 2 жыл қажет.

Алдағы айларда күш-жiгерiмiздi барынша жұмылдыра жұмыс iстейтiн боламыз. Осыған дайын болуымыз ке¬рек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс iстеуiмiз керек. Барлық шешiмдер мұқият тексерiлген бол¬жам¬дарға негiзделуге тиiс.

Үкiмет нақты шектеулер мен бейiмдi карантин әдiсiн енгiзуде. Пандемиямен күрес жөнiнде кешендi бағдарлама әзiрленедi.

Мемлекет тарапынан әлеуметтiк саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық мiндеттемелер орын¬далатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлiнуде. Әлеуметтiк төлемдердi индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейiн шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Бiз қазiргi қиындықты мiндеттi түрде еңсеремiз. Дегенмен, елiмiздiң жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзiмдi дамуын естен шығармауымыз керек.

Қазiр әлем соңғы 100 жыл iшiнде болмаған аса күрделi дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтiру үшiн кемiнде 5 жылға дейiн уақыт қажет.

Дей тұрғанмен, болашақта көш бас¬тайтын мемлекеттердiң бәсекеге түсу қабiлетi дәл осындай дағдарыстар мен iргелi өзгерiстер кезiнде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзiнiң лайықты орнын алуға тиiс.

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшiн берiк негiз қаланды, әлемдiк аренада абырой-беделге ие болдық.

Сондықтан әлемнiң жаңа болмыс-бiтiмi қалыптасып жатқан шақта бiз реформаларға тың серпiн беруiмiз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негiзгi бағдар етiп ұстануымыз қажет.

Бiз азаматтарымыздың лайықты өмiр сүруiне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейтуге мiндеттiмiз.

Ендеше, iс-қимыл жоспары қандай болмақ?

I. Мемлекеттiк басқарудың жаңа үлгiсi

Бұл саладағы реформаларды жүйелi түрде жүзеге асыру қажет.

Ең алдымен, мемлекеттiк басқаруға, кадр саясатына, шешiм қабылдау жүйе¬сiне және оларды орындау жауапкершiлi¬гiне деген көзқарасты өзгертуден бас¬тауымыз керек.

Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттiк басқару жүйесi бар күш-жiгерiн жұмылдырып жұмыс iстеуде. Жедел шешiмдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етедi. Бiрақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал¬дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тiкелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiн құру туралы шешiм қабылдадым.

Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Ендi осы агенттiк қайтадан тұтас мем¬лекеттiк жос¬парлау жүйесiнiң негiзгi орта¬лығы¬на айналады. Агенттiк ұсынған реформалар нақты, iске асатын және ең бас¬тысы, бар¬лық мемле¬кет¬тiк органдар үшiн орын¬дауға мiндеттi болуға тиiс.

Реформалар жөнiндегi жоғары прези¬денттiк кеңес құрылады. Бұл кеңестiң шешiмдерi түпкiлiктi болады. Тез өзгерiп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшiн Статистика комитетi Агенттiк құрамына берiледi.

Дәстүрге сай, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнде жоспарлау, орындау және бағалау қызметiн негiзiнен мемлекеттiк аппарат атқарады. Бұл — дұрыс емес.

Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi адам ресурстарын барынша жұмылдыруға тиiс, яғни жеке сектор мен қоғам өкiл¬дерiн толыққанды серiктестер ретiн¬де жұмыстың барлық кезеңiне — жоспар¬лауға, орындауға және бағалауға тартуы керек.

Сан алуан көрсеткiштер мен индика¬т¬ор¬лардан тұратын мемлекеттiк бағдар¬ламалар әзiрлеудi тоқтату қажет. Барша аза¬матқа түсiнiктi, қысқа әрi нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негiз¬гi мақсат — жұмыстың барысы емес, нәти¬жесi болуға тиiс.

Осындай түбегейлi реформаны жүр¬гiзу үшiн мемлекеттiк аппараттың қыз¬ме¬тiн қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесiмдiлiгi аса маңызды.

Мемлекеттiк қызмет жүйесiн ретке келтiрiп, қайта құру керек. Пандемия ке¬зiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң басым бөлiгiнiң қашықтан жұмыс iстеу режiмiне көшуi мемлекеттiк аппаратты қысқарту керектiгiн және бұған толық мүмкiндiк бар екенiн көрсеттi.

Мемлекеттiк аппарат және квази-мемлекеттiк сектор қызметкерлерiн қысқарту мерзiмiн жеделдетудi тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесi жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша бiз 2021 жылы шенеунiктердiң санын 25 пайызға қысқарту мәселесiн шешетiн боламыз. Соның нәтижесiнде және цифрландыру үдерiсiн ескере отырып, одан әрi қысқарту туралы шешiм қабылдаймыз.

Үнемделген қаражаттың есебiнен қалған қызметкерлердiң жалақысын көбейтетiн боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттiк қызметтiң қоғам үшiн пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау керi кетуге, бiлiктiлiк пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады. Сондықтан 2021 жылғы

1 шiлдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгiзiлуге тиiс. Мұндай жоба мем¬лекеттiк қызметшiлердiң құлшы¬ны¬сын арттырып, жауапкершiлiгiн нығай¬та түседi.

Бiзге жаңа кадрлар, яғни кәсiби бi¬лiктi, озық ойлы және бастамашыл ма¬ман¬¬дар аса қажет. Мемлекеттiк қызмет қол жет¬пейтiн жабық кастаға айналмауға тиiс.

Сонымен қатар кәсiби және этикалық нормалардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық дәс¬түрдiң сақталуын қамтамасыз ету маңыз¬ды. Осы тұста жауапты хатшылар институтына арнайы тоқталғым келедi.

Бұл институтты енгiзген кезiнде жа¬уапты хатшылардың жиi ауыспай жұмыс iстеуi министрлердi әкiмшiлiк-кадрлық жұмыстардан босатып, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi деген ой болған. Алайда iс жүзiнде олай болмай шықты. Тiптi министрлер мен жауапты хатшылардың арасында түсiнiспеушiлiк туындап жатады. Мұның салдары ортақ жұмысқа зиянын тигiзедi.

Негiзгi жауапкершiлiк бiр адамға, яғни Президент тағайындайтын министрге жүктелуi тиiс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын жойып, олардың мiндеттерiн министрлiктiң аппарат басшыларына жүктеген жөн.

Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру үшiн осы жылдың соңына дейiн мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға тиiстi түзетулер енгiзудi тапсырамын.

Норма шығару мәселесiн де қайта қарау қажет.

Карантин кезiнде құқықтық жүйенiң қасаңдығы қолбайлау болып, жұмысты қатты тежегенi жасырын емес. Сол себептi, төтенше жағдай режiмiн енгiзiп, «Төтенше жарлық» шығаруға тура келдi.

Бiрақ мұндай шаралар дағдарыс жағ¬дайында мәселенi түбегейлi шеш¬пейдi.

Негiзгi проблема атқарушы билiктiң әр қадамының заңмен шектелiп, адымының ашылмауында болып отыр. Бiз министрлер мен әкiмдерге зор талап қоямыз, бiрақ олардың өкiлеттiктерi заңдар мен қаулылардың нақты нормаларының аясында шектеледi. Бұл жағдай мемлекеттiк аппараттың ғана емес, Парламенттiң де жұмысын қиындатады. Парламент палаталары атқарушы органдардың құзыретiне беруге болатын егжей-тег¬жейлi баяндалатын нормаларды да қарас¬ты¬руға мәжбүр болып отыр.

Алмағайып дүниеде жедел шешiм қабылдай алмау ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiруi мүмкiн. Сондықтан Құ¬қықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлерiнiң арасындағы теңгерiмдi қамтамасыз ету керек. Мұны кейiнге қалдыруға болмайды.

Тағы бiр маңызды мiндет — квази¬мем¬лекеттiк компанияларды корпоративтiк басқару iсiн жақсарту мәселесiн шешу.

Елiмiзде ондаған ұлттық компания және он мыңдаған мемлекеттiк кәсiпорын бар. Бұл ретте iрi квазимемлекеттiк мекемелер акционерлiк қоғам ретiнде жұмыс жүргiзедi, яғни олардың мақсаты — пайда табу. Егер мемлекеттiк қызметтердiң бiр бөлiгi оларға берiлсе, мұндай ком¬па¬ниялардың жұмысы азаматтарға және экономикаға нақты қызмет көрсетуге арналып, қосымша сипатқа ие болуы тиiс.

Көптеген акционерлiк қоғамда қа¬лып¬ты түсiнiктер ауысып кеткен. Корпо¬ративтiк басқару қосымша бюро¬кра¬тиялық рәсiмге айналып отыр.

Тұтас квазимемлекеттiк секторды реформалау iсiн жалғастыру қажет. Кей¬бiр шешiмдер бүгiн жарияланады, ал қал¬ған мәселелер бойынша Үкiмет маған ұсыныс бередi.

II. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

Ұзаққа созылған мұнай дәуiрi аяқ¬талған сияқты. Әлемдiк нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек.

Әртараптандырылған және техно¬ло¬гияға негiзделген экономика құру — жай қажеттiлiк қана емес. Бiз үшiн бұдан басқа жол жоқ.

Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлт¬тық табыстың өсiмiнен түсетiн игiлiк¬тер¬дi әдiл бөлу, тиiмдi әлеуметтiк «лифтi¬лер¬дi» орнықтыру жөнiндегi қоғамның өт¬кiр талабы мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Сондықтан елiмiздiң жаңа эконо¬ми¬калық бағдары басты жетi қағидатқа негiзделуi керек:

Игiлiктер мен мiндеттердiң әдiл бөлi¬нiсi.

Жеке кәсiпкерлiктiң жетекшi рөлi.

Әдiл бәсекелестiк, кәсiпкерлердiң жаңа буыны үшiн нарық ашу.

Өнiмдiлiктi көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.

Адами капиталды дамыту, жаңа үлгiдегi бiлiм саласына инвестиция тарту.

«Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.

Мемлекет тарапынан дәйектi ше¬шiм¬дер қабылдау және сол үшiн қоғам ал¬дында жауапты болу.

Бұл ретте бiз бәсекеге қабiлеттiгiмiздi көр¬¬сететiн артықшылығымызға және нақ¬¬ты мүмкiндiктерiмiзге сүйенуiмiз керек.

* * *

Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды мiндет — өнеркәсiптiк әлеуе¬тiмiздi толық пайдалану.

Осы саладағы табыстарымызға қара¬мастан, iшкi нарықтың зор мүмкiндiктерiн әлi де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келемiз. Өңделген тауарлардың үштен екiсiне жуығы шетелден әкелiнедi.

Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшiн тез арада қайта өңдеу iсiнiң жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түстi металлургия, мұнай химиясы, көлiк құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлiк өндiру және басқа да салаларды қамтиды.

Сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшiн жаңғыртылған заңнамалық негiз қажет.

Өнеркәсiптi реттеу және оған қолдау көрсету мәселелерi түрлi заңнамалық актiлерде көрiнiс тапқан. Бiрақ ортақ мақсат көрсетiлмеген, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ.

Сондай-ақ жекелеген секторларды не¬ме¬се салаларды реттейтiн көптеген заң бар.

Мысалы, «Электр энергетикасы туралы» заң, «Көлiк туралы» заң.

Өңдеу өнеркәсiбiн дамытудың қағи¬дат¬тарын, мақсаттары мен мiндеттерiн бел¬гiлейтiн «Өнеркәсiп саясаты туралы» бiрiздi заң жыл соңына дейiн әзiрленуге тиiс.

Өнеркәсiпке қолдау көрсетудiң нақты шараларын да жетiлдiру керек. Бiзде жүйелi әрi бiртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етiп отырмыз.

Әрине, өнеркәсiпке қолдау көрсетудiң кең көлемдi қамтитын ауқымды шараларын сақтап қаламыз. Сонымен бiрге Үкiмет стратегиялық тұрғыдан маңыз¬ды өндiрiстердi, негiзгi экспорттық басым-дықтарды айқындап, қолдау шара¬ларының аясын кеңейту керек.

Стратегиялық жобалар үшiн заттай грантты, қаржыландыру жеңiлдiгiн, жекелей кепiлдiктi, экспорттық қол¬дау тәсiлдерiн топтап ұсыну жолын қарас¬тыру керек. Инвесторлардың қаржы¬лық шығынының бiр бөлiгiн салық төлеуден босату арқылы өтеуге болады.

Мемлекеттiк, квазимемлекеттiк секторлар және жер қойнауын пайдаланушылар үшiн кепiлдi сатып алу талабын қарастыру қажет.

Ең басты нәрсе — жобаның жүзеге асырылатын бүкiл кезеңiнде заңнамалық шарттардың тұрақты болуы.

Әрине, тек бұл шаралармен ғана шектелмеймiз. Нақты қолдау деңгейi жо¬баға салынған қаражаттың көлемiне және оның басымдығына байланысты болады.

Мемлекет пен инвесторлар арасын¬дағы уағдаластықтарды бекiту үшiн стра¬тегиялық инвестициялық келiсiм жасалады. Бұл — жаңа тәсiл.

Осы бастаманы жыл соңына дейiн эко¬номикалық өсiмдi қалпына келтiру жөнiндегi заң жобасы аясында жүзеге асыр¬ған жөн. Үкiмет стратегиялық келi¬сiм¬дерге енетiн жобалардың топтамасын 2021 жылдың сәуiр айына дейiн әзiрлейдi.

Өңдеушi кәсiпорындардың отандық ши¬кiзатқа қолайлы бағамен толық қол жет¬кiзу мәселесi де жүйелi түрде шешi¬луге тиiс.

Үкiметке жыл соңына дейiн елiмiздiң өңдеушi өндiрiс орындарын шикiзатпен толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бере¬тiн реттеу тәсiлдерiн әзiрлеудi тапсырамын.

Өнеркәсiптiң дамуына реттелетiн сатып алу жүйесi тiкелей әсер етедi. Оның көлемi 15 триллион теңгеге жуық немесе жалпы iшкi өнiмнiң бестен бiр бөлiгiн құ¬райды. Үкiмет пен әкiмдердiң мiндетi — осы әлеуеттi барынша пайдалану.

Менiң тапсырмам бойынша мем¬лекеттiк органдардың сатып алу жүйесiн жақсарта түсетiн жаңа заң қабылданды. Бiрақ ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесi әлi де болса ашық емес және оған қатардағы кәсiпкерлердiң қолы жете бермейдi.

Жыл соңына дейiн квазимемлекеттiк сектордың барлық сатып алу жұмыстарын реттейтiн бiртұтас заң қабылдауды тапсырамын. Реттелетiн барлық сатып алулар барынша ашық және «Бiр терезе» арқылы ғана жүзеге асырылуға тиiс.

Егер тиiстi құқық қолдану тәжiрибесi болмаса, заңнаманы жетiлдiргеннен ешқандай пайда жоқ.

Шетелдiң арзан әрi сапасыз тауарлары отандық өнiм ретiнде ұсынылып, сатып алу конкурстарында жеңiп шығатын кездерi жиi болып тұрады. Отандық өнiм өндiрушiлердiң тiзiмi де, индустриалды сертификаттар да жалған өндiрушiлерге нақты тосқауыл қоя алмай отыр.

Үкiмет «Атамекен» ұлттық кәсiп¬кер¬лер палатасымен бiрлесiп, жыл соңына дейiн Қазақстанның қамту үлесiн арттыру үшiн нақты ұсыныстар әзiрлейдi.

Осы салаға қатысты ортақ мiндет — өңдеу өнеркәсiбiнiң өндiрiсiн бес жыл iшiнде кем дегенде 1,5 есе арттыру.

Алайда бiр ғана өнеркәсiп саяса¬ты арқылы индустриаландыру iсiн айтар¬лықтай iлгерiлетуге қол жеткiзе алмаймыз. Ақша-несие, салық және басқа да негiзгi салалардағы саясаттың нақты сектор сұранысынан алшақтап кетпеуiнiң ма¬ңызы зор. Бұған әлi толығырақ тоқта¬ла¬мын.

* * *

Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабiлеттi экономика құру мүмкiн емес.

Бұл салада шешiмiн таппай келе жат¬қан өзектi мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткiзе алмауы, ұзақ мерзiмге берiлетiн «арзан несиенiң» болмауы, кәсiби мамандардың тапшылығы.

Өнiмдiлiктi арттырып, шикiзат өндiру¬мен ғана шектелмеу үшiн, сондай-ақ қой¬ма және көлiк инфрақұрылымын дамы¬ту мақсатында шұғыл шаралар қабыл¬дау керек.

Елiмiзде ет, жемiс-жидек, көкөнiс, қант, би¬дай, майлы дақылдар, сүт өнiм¬дерiн өндiру және өңдеу үшiн 7 iрi эко¬жүйе қа¬лыптастыруға болады. Балық ша¬руа¬шы¬лығына да ерекше мән берген жөн. Қо¬сымша құн қалыптастырудың өзегi сана¬латын iрi жобалар маңызды рөл атқаруға тиiс.

Вертикальдi кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетiн пайдаланған абзал. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкiндiк бере алады. Оларды өңiр¬лiк азық-түлiк хабтарын құруға жұ¬мыл¬дыру керек.

Бiз горизонтальдi кооперацияның әлеуетiн де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсiп кешенiнде қарқынды даму болмайды. Басы бiрiкпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнiнде, өлместiң күнiн көрiп отыр. Бұл ретте, сапалы әрi мол өнiм өндiру, үздiксiз тауар жеткiзу туралы сөз қозғаудың өзi орынсыз. Бәсекеге қабiлетсiздiк пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебi де осында.

Кооперация кезiнде жер және басқа да мүлiкке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикiзат сатып алу, өнiм өндiру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкiндiк бередi. Ауыл еңбеккерлерiнiң ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл — жасырын емес. Табыстың басым бөлiгiне алыпсатарлар кенелiп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңiлдiктерiн беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегi кооперацияны ынталандыру үшiн тиiстi шаралар топтамасын әзiрлеу қажет.

Тағы бiр маңызды мәселе. Келесi жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану мәселесi бойынша Жер кодексiнiң кейбiр нормаларына қатысты енгiзiлген мораторий күшiн жояды.

Жерiмiз шетелдiктерге сатылмайды. Бiрақ Үкiмет ауыл шаруашылығы жерлерiн толыққанды экономикалық айналымға енгiзудiң өзге әдiс-тәсiлдерiн әзiрлеуге тиiс. Аграрлық секторға инвес-тиция тарту ауадай қажет.

Кәсiби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы — бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билiк тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек.

Технологиялық тұрғыдан ескiрген суару жүйесi үлкен кедергi келтiрiп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетiп жататын кездерi болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған елiмiз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтiк-құқықтық тұрғыдан реттелуiн қамтамасыз етiп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгiзу үшiн экономикалық ынталандыру шараларын әзiрлеу қажет.

Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту жөнiндегi қолданыстағы мемлекеттiк бағдарлама келесi жылы аяқталады. Үкiметке бизнес өкiлдерiмен бiрлесiп, Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту жөнiндегi жаңа ұлттық жобаны әзiрлеуге кiрiсудi тапсырамын.

Негiзгi мiндеттерiмiз:

– әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларымен өзiмiздi толық қамтамасыз ету;

– миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру;

– еңбек өнiмдiлiгiн екi жарым есе көбейту;

– агроөнеркәсiп кешенi өнiмiнiң экспортын екi есе арттыру.

* * *

Өзектi мәселенiң бiрi — көлiк-логистика кешенiн дамыту.

«Нұрлы жол» бағдарламасының бiрiншi кезеңi табысты жүзеге асырылды. Соның арқасында елордамызды өңiрлермен «тармақтану» қағидаты бо¬йынша байланыстыруға мүмкiндiк туды. Көлiк жүйесiнiң жаңа инфрақұрылымдық ұстыны қалыптасты. Елiмiздiң жаһандық көлiк дәлiздерiмен интеграциялануы қамтамасыз етiлiп, Азия мен Еуропаны байланыстырған Қазақстанның тарихи мәртебесi қалпына келтiрiлдi.

Дегенмен, бұл саладағы бәсекелестiк өте күштi. Орталық Азия өңiрiнде пайда болған баламалы жобалар Қазақстанның көлiк әлеуетiн төмендетуi мүмкiн.

Сол себептен «Нұрлы жол» бағ¬дар¬ламасының екiншi кезеңi елiмiздiң көлiк-транзит секторының жетекшi рөлiн бекемдеуге арналуы керек.

Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi тың инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа мемлекеттер мен ком¬панияларды тарту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және транзиттiк бағдар¬лардағы жылдамдықты арттыру есебiнен өсуге тиiс.

Алдымызда тұрған мiндет — 2025 жыл¬ға дейiн 24 мың шақырым жолды, яғни республикалық маңызы бар жолдардың бәрiн қайта жөндеп, жол бойындағы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

* * *

Шағын және орта бизнес күрделi кезеңдi бастан өткеруде. Шын мәнiнде, пан¬демияның зардабы осы салаға ауыр тидi.

Экономиканың шеккен зардабын еңсеру үшiн 700 мыңнан астам кәсiп¬кер¬ге салық жеңiлдiктерi берiлдi. Төлем мер¬зiмi кейiнге шегерiлдi, несиенi жеңiл¬дiк¬пен қайта қаржыландыру мүмкiндiгi ұсы-нылды. Бiрақ, ахуал әлi де болса күрделi.

Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретiнде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсiпкерлердiң қазiргi барлық несиелерiнiң 6 пайызға дейiнгi жылдық мөлшерлемесi бойын¬ша мемлекеттiк субсидия берудi тапсырамын. Субсидиялау Төтенше жағ¬¬дай жа¬рияланған сәттен, яғни биылғы 16 нау¬рыздан бастап 12 айлық кезеңдi қам¬тиды.

Ұлттық банк көбiрек зардап шеккен сек¬торлардағы шағын және орта бизнес¬тiң айналым қаражатын көбейту үшiн арнаулы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұған дейiн бұл бағдарлама биыл аяқталады деп жоспарланған едi.

Қазiргi күрделi ахуалға байланысты аталған бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмiн 2021 жылдың соңына дейiн ұзартуды және оның аясын кеңейтудi тапсырамын. Осыған орай қосымша 200 миллиард теңге бөлу қажет. Сол арқылы бағдарламаның жалпы құнын 800 миллиард теңгеге дейiн жеткiземiз.

Сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен квази-мемлекеттiк секторға тиесiлi жылжымайтын мүлiк нысандарын жалға алып отырған шағын орта бизнес өкiлдерiн жыл соңына дейiн жалдау ақысын төлеуден босатуды тапсырамын.

Қазiргiдей жағдайда жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтау — басты басымдық. Сондықтан осы кезеңде көбiрек зардап шеккен сала¬лар¬дағы шағын және орта бизнес өкiл¬дерiнiң еңбекақы қорына түсетiн ауырт¬палықты жеңiлдету маңызды болып отыр. Бизнестiң осы санаты бойынша еңбек¬ақыдан бюджеттiк емес қорларға ауда¬рылатын төлемдердi жыл соңына дейiн тоқтатуды тапсырамын.

Келесi мәселе — бизнес ахуалы. Бұл сала¬ны реформалау керек. Өйткенi реттеу жүйесi әлi де болса қолайсыз, тiптi жазалаушы сипатынан арыла алмай отыр.

Реттеушiлiк саясаттың негiзгi қағи¬дат¬¬¬тарын өзгерту қажет. Мемлекеттiк рет¬¬¬теу¬ге азаматтардың денсаулығын жә¬не эко¬логияны қорғау үшiн ғана жол берi¬ледi.

Заң бойынша да, тәжiрибе жүзiнде де нақты болмыстың қасаң формадан артықшылығы бар екенiн, ақыл-ой мен мән-мазмұнның қатаң заң нормаларынан басым түсу мүмкiндiгiн ескерген жөн. Тексеру жүргiзуге тыйым салған үш жылдық мораторий осындай реттеу жүйесiн жаңадан енгiзуге жол ашады.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлық мей¬лiнше жиi туындайтын сәулет-құрылыс қыз¬метi, санитарлық-эпидемиялық қадағалау, ветеринария, сертификаттау және басқа да салалардан бастау керек. Ша¬ғын және орта бизнестiң қызметiн рет¬тейтiн жаңа нормативтiк-құқықтық базаны келесi жылы әзiрлеудi тапсырамын.

Қайталап айтамын: мемлекеттiк құры¬лымдардың кәсiпкерлiк қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердiң жұмысына кедергi келтiру мемлекет¬ке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретiн¬де ба¬ғалануы керек. Кәсiпкерлер шенеу¬нiк¬тер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бiр¬ден прокуратура органдарына жүгiнгенi жөн.

Кәсiпкерлiкке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткенi нарықта табысты болудың негiзгi көрсеткiшi орта бизнестiң өркендеуiмен өлшенедi. Мұндай компаниялар iшкi нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейiмделуге тиiс. Олардың экспорттық әлеуетiн арттыру үшiн қол¬дауды күшейту керек.

Үкiметке шикiзаттық емес орта кәсiп¬орындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл идеядан нәтижеге дейiн мақсатты түрде қолдау көрсету үшiн қажет.

Шағын және орта бизнестiң жалпы iш¬кi өнiмдегi үлесi 2025 жылға қарай 35 пайызға дейiн, ал жұмыспен қамтыл¬ған¬дардың саны 4 миллион адамға дейiн көбеюi керек. Бұл осы саланы дамы-туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесi болмақ.

* * *

Жұмысымыздың табысты болуына жол ашатын маңызды фактор — «өзектес» мемлекеттiк саясаттарды қайта құру.

Ақша-несие саясатын қайта қараған жөн. Бiз ұлттық және халықаралық инвес¬тор¬лардың теңгеге сенiмсiздiк бiлдiре¬тiнiн көрiп отырмыз.

Экономиканы әртараптандыру iсiнiң жеткiлiксiздiгi және бағамның тым құ¬был¬малылығы шетелден инвестиция тар¬т¬уға кедергi келтiрiп отыр. Бұл, әсiресе, шикiзаттық емес секторда айқын сезiледi.

Валюта нарығын реттеуге және капитал қозғалысына қатысты проблемалар да терiс ықпалын тигiзуде. Экспорттан түсетiн табыстың елеулi бөлiгi iшкi валюта нарығына түспей, шетелде қалып қояды. Үкiмет пен Ұлттық банк экспорттаушыларды валюталық табысты сатуға ынталандыруға тиiс.

Ақша-несие саясатының ынта¬лан¬дырушылық рөлiн де күшейту қажет. Қазiргi таңда бұл саясат көбiнесе валюта нарығындағы қаржының шамадан тыс көбейiп кету қаупiне байланысты тежелуде. Банктер валюта нарығы және Ұлттық банктiң мүмкiндiктерi арқылы пайда таба алатын болған соң, нақты экономиканы несиелендiруге құлықты емес.

Осы өтiмдiлiктi қайта бағдарлап, бизнеске несие берiп, валюталық алып¬са¬тар¬лықты тоқтату iсiне бейiмдеу үшiн шаралар қабылдауды тапсырамын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi мен Ұлттық банктiң осы мiндеттi шешу үшiн өкiлеттiгi мен құзыретi толық жет¬кiлiктi. Жыл соңына дейiн жағдай түзе¬ледi деп үмiттенемiн.

Қаржы секторындағы тағы бiр жағым¬сыз фактор — тұтыну сегментi мен бизнес¬ке несие беру iсiндегi теңгерiмсiздiк. Тұтынушыларға тоқтаусыз, тiптi жауапсыз несие беруге нормативтiк тұрғыдан тосқауыл қою керек. Оның айтарлықтай әлеуметтiк зардабы болуы мүмкiн. Аза¬мат-тардың қаржылық сауатының төмен¬дiгi оларға түрлi несиенi жөн-жосықсыз тықпалауға себеп болмауы керек.

Биыл менiң тапсырмам бойынша заң¬на¬малық және нормативтiк база өзгер¬тiлiп, қарыз алушының төлем қабi¬летiн бағалауға қатысты талаптар едәуiр күшейтiлдi. Бұрын тұтыну несие¬сiн оңды-солды таратып келген микро¬қар¬жылық ұйымдар, ломбардтар мен өзге де қаржы мекемелерiнiң қызметi мемлекет тарапынан реттелетiн болды. Алайда бұл түйткiл әлi толық шешiлген жоқ. Әсiресе, дағдарыс кезiнде елдiң табысы азайған тұста қарызға бату қаупi арта түстi.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi мен Ұлттық банк несие беретiн ұйымдардың жауапкершiлiгiн арттыру, сондай-ақ несие бойынша шектi мөлшерлемелердi саралап-жiктеу және азайту үшiн қосымша реттеу шараларын қабылдау керек.

Бiз ақша-несие саясатына деген сенiмдi арттыруға тиiспiз. Сол себептi Ұлттық банктiң құрамынан Ақша-несие саясаты комитетiн құру туралы шешiм қабылданды. Оның құрамына тәуелсiз мүшелер де кiредi.

Егер ұлттық табысты әдiл бөлудiң маңыздылығы туралы айтар болсақ, барша азаматтарға дәл сондай ұғынықты болатын салық саясатын әзiрлеуiмiз керек.

Бүгiнде салықтар мен алымдардың 40-қа жуық түрi бар. Оны басқару iсi тым күрделi және негiзiнен мәжбүрлiк сипатқа ие болып отыр.

Үкiметке «Атамекен» ұлттық кәсiп¬кер¬лер палатасымен бiрлесiп және депу¬таттық корпусты тарта отырып, Салық кодексiн және заңға сәйкес актiлердi егжей-тегжейлi қайта қарауды тапсыра¬мын. Мақсатымыз — салықтық мiндет¬те¬мелердi орындауды барынша жеңiлдету және салықтар мен өзге де төлемдердiң санын азайту.

Бюджеттi әртараптандыру мен толық¬тырудың қосымша тетiгi ретiнде салық¬тық мөлшерлемелердi жiктеу жөнiнде де ойлану керек.

Шағын және орта бизнес секторы бойынша пандемиядан көп зардап шеккен кәсiпкерлерге бөлшек сауда салығын айналым есебiнен төлеуге мүмкiндiк беру қажет деп есептеймiн.

Халықаралық салық салу жүйесiнiң нормаларына да ерекше назар аударған жөн. Бұл нормалар шетел инвестициясын тартуға және тапқан табысты Қазақстанға қайта құюға барынша ынталандыруы керек.

Сонымен қатар трансферттiк баға белгiлеудi және капиталдың елiмiзден шығарылуын қатаң бақылауға алу қажет. Сарапшылардың айтуынша, елiмiздiң iшкi жалпы өнiмiнiң үштен бiрiне жуығы есепке алынбай, көлеңкеде қалып келедi. Бұл бюджет табысын арттыруға мол мүмкiндiк берер едi.

Салық және кеден саласын цифр¬ландыру «көлеңкелi экономиканың» кез келген көрiнiстерiмен күресуге айтар¬лықтай көмектеседi. Тiптi, «көлеңкелi экономика» сыбайлас жемқорлыққа жол ашып отырғаны жасырын емес.

Сондықтан Қаржы министрлiгiне қа¬расты Экономикалық тергеу қызметiнiң жұмысы негiзiнен «көлеңкелi экономикамен» күресуге бейiмдеудi тапсырамын.

Бiз үнемдi әрi жауапты жаңа бюджет саясатын әзiрлеуiмiз керек. Басым ба¬ғыт¬тар мен жобаларға ғана қаржы бөлген жөн. Қаржыны оңды-солды жұмсайтын за¬ман келмеске кеттi. Негiзгi бюджеттiк коэф¬фициенттер мен ережелердiң жина¬ғын әзiрлеу қажет.

Тұтас ахуалды бiлу үшiн «кеңейтiлген бюджет» ұғымын енгiзу қажет. Онда мемлекеттiк бюджеттен бөлек, бюджеттен тыс қорлардың да қаржысы есепке алынуға тиiс.

Бюджеттi жоспарлаудың жаңа жүйесi ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етiп, ұлттық жоспарлау жүйесiнiң құрамдас бөлiгiне айналуы керек.

Мемлекеттiк органдарға бюджеттiк дербестiк берген жөн. Бұл мiндеттердi шұғыл шешуге және ұжымдық жауап¬сыз¬дық пен әуре-сарсаңнан құтылуға мүм¬кiндiк бередi.

Бiрақ қойылатын талап та күшеюге тиiс. Осыған орай Есеп комитетiнiң құзы¬ретiн күшейтудi тапсырамын.

Мүдделер қайшылығына жол бермеу үшiн Есеп комитетiн қаржыландырудың өзгеше тәртiбiн белгiлеу керек. Оны Үкi¬мет жанындағы республикалық бюд¬жеттiк комиссия арқылы емес, Парла-мент¬тiң салалық комитеттерi арқылы жүзеге асырған жөн.

Бәсекелiк саясаттың маңызы арта түс¬тi. Бәсекелi ортаны айтарлықтай түр¬лен¬¬¬¬¬дiрiп, әр кәсiпкер үшiн шын мәнiнде тең мү쬬кiндiк қалыптастыру қажет. На¬рық¬¬¬тар¬¬ды монополизациялауды тоқтату керек.

Нарықтағы көптеген салалар нарық¬тық емес әдiс-тәсiлдер арқылы «тас қа¬малға» айналғаны жасырын емес. Кәсiп¬керлер нарыққа кiре алмайды, ал егер кiре қалса, жеке монополистерге бағынуға мәжбүр болады.

Бәсекеге қарсы әрекет барлық салада — көмiр, электр энергиясы, мұнай өнiмдерi, байланыс, дәрi-дәрмек, әуежай қызметтерi, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерi, логистика нарықтарында белең алып отыр. Бұл тiзiмдi жалғастыра беруге болады.

Өңiрлiк деңгейде көбiне әкiмшiлiк ре¬сурс коммерциялық табыстың кiлтi саналады.

Мемлекеттiк және жекеменшiк сала¬дағы «монополистердiң» жұмысын ретке келтiру керек. Нақты ережелердi бекiткен жөн: олар қандай жағдайда және қандай нысанда құрылады, түскен табыс қайда жұмсалады. Қатаң қоғамдық мониторинг жүргiзу қажет.

Биржадағы сауда-саттықты тәртiпке кел¬тiру керек. Бұл, ең алдымен, мұнай өнiм¬дерi, электр энергиясы, көмiр сауда¬сы¬на қатысты. Бұл саладағы iрi компа¬ния¬¬лардың көзбояушылығына жол беру¬ге болмайды.

Сондықтан бәсекелестiктi қорғайтын және дамытатын мықты әрi тәуелсiз орган керек. Президентке тiкелей бағынатын Бәсе¬келестiктi қорғау және дамыту агент¬тiгiн құруды тапсырамын.

Тең құқылы бәсекелестiктi дамыту үшiн мемлекеттiң экономикаға араласуын азайту маңызды рөл атқарады.

Орталық мемлекеттiк органдардың, әкiмдiктер мен холдингтердiң меншiгiнде әлi де болса жетi мыңға жуық әлеуметтiк емес нысан бар.

Мемлекет шаруашылықты тәуiр жүр¬гi¬зе алмайды деген қағида аксиомаға ай¬нал¬ды.

Үкiмет Жаңа жекешелендiру жоспа¬рын қабылдауға тиiс. Мемлекет меншi¬гiнде тек әлеуметтiк нысандар, сондай-ақ мемлекеттiң қауiпсiздiгi мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ететiн нысандар ғана қалуы керек.

Квазимемлекеттiк секторда әкiм¬шi¬лiк-басқару жұмысымен айналысатын қызметкерлердiң санын, пайдасыз шығындарды және басы артық еншiлес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табуға тиiс.

«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдинг¬терiнiң рөлiне арнайы тоқталғым келедi. Бұл компаниялар индустрияландыру және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту iсiне елеулi үлес қосып, бұрын бiр-бiрi-мен байланыссыз болған қаржы инсти¬тут¬тарының қызметiн ретке келтiрдi.

Ал қазiр бiз мүлде жаңа жағдайда тұр¬мыз. Институционалдық құрылымды өз¬гер¬ту — уақыт талабы. Сондықтан осы екi ұйым¬ды бiрiктiрiп, қаржылық мүм¬кiндiк¬терi анағұрлым зор даму институтын құр¬ған жөн.

Бұл ретте, портфельдi компаниялардың саны 2 есеге азайып, штат саны да 50 пайызға қысқаруға тиiс.

Елiмiздiң халықаралық аренадағы экономикалық мүддесiн белсендi түрде iлгерiлетiп, ұлттық мүдденi қорғауда сындарлы ұстаным және кәсiби бiлiктiлiк таныту керек.

Қазақстанның игiлiгi үшiн Еуразия экономикалық одағының және «Бiр белдеу — бiр жол» жобасының зор мүм¬кiн¬дiктерiн барынша пайдаланған жөн.

Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтердi экспортқа шығару Үкi¬мет үшiн ерекше басымдыққа ие болып отыр.

«Астана» халықаралық қаржы орта¬лы¬ғының әлеуетiн тиiмдi пайдаланған жөн.

Қаржы орталығы тiкелей және порт¬фельдi инвестициялар тартудың негiзгi құралына айналуға тиiс.

* * *

Түйiндей келе айтарым, жалпы iшкi өнiмнiң абстрактiлi өсiмiмен жұртты қуан¬¬та алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орын¬дары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлiк керек.

Экономикалық реформалар азамат¬тардың табысын арттырып, тұрмыс сапа¬сының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзiн-өзi ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет.

III. Теңгерiмдi аумақтық даму

Елiмiздi аумақтық және кеңiстiк тұрғысынан дамыту тәсiлдерiн түбегейлi өзгерту керек.

Өңiрлерiмiз арасында экономикалық және өндiрiстiк бағыты, тұрмыс деңгейi, мемлекеттiк қызмет сапасы жағынан айырмашылықтар бар. Сондықтан аумақ¬тық даму жолында әр өңiрдiң бәсекелi ар¬тықшылығын ескеру қажет.

Елiмiздiң оңтүстiгi мен оңтүстiк-шы¬ғыс аймағының өнеркәсiптiк әлеуетiн барынша пайдалану керек. Осы өңiрлерде елiмiздiң еңбек ресурсының жартысы шоғырланған. Сапалы жұмыс орындары бұл аймақтарды дамыту үшiн өте өзектi.

Аграрлық секторға дәстүрлi қолдау көрсетумен қатар, ауыл шаруашылығы өнiм¬дерiн тереңдетiп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндiрiсiн дамытуға, құры¬лыс материалдарын шығаруға және өнер¬кәсiптiң өзге де салаларына баса назар аудару қажет.

Индустрияландыру әлеуметтiк мәсе¬ле¬лердi шешiп, табысты арттыру үшiн ғана емес, сондай-ақ азаматтардың жаңа ментальдiгiн қалыптастырып, заман талабына бейiмдеу үшiн де маңызды. Ал бұл — ұлттың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын негiзгi фактордың бiрi.

Iрi металлургиялық кәсiпорындар орналасқан өңiрлердi дамытуға қатысты тың көзқарас керек. Бұл, ең алдымен, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына қатысты. Осы өңiрлер жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететiн өндiрiстiң және техникалық қызмет көрсетудiң орталығы бола алады.

Қазақстанның батыс өңiрлерi мұнай-химия кешендерiн салып, жоғары деңгейдегi қайта өңдеу iсiнiң жаңа өндiрiстiк циклдарын құру үшiн инвестиция тартатын орталыққа айналуға тиiс. Бiзде осы күнге дейiн мұнай химиясы мен газды қайта өңдеу жүйесiнiң жоқтығы — ақылға қонбайтын қисынсыз нәрсе.

Әсiресе, моноқалаларымызды дамыту iсiне тың серпiн беру аса маңызды. Бұл ретте, қала құраушы кәсiпорындарға зор жауапкершiлiк жүктеледi. Олар барынша атсалыспаса, бұл мiндет орындалмайды.

Қазақстан мен Ресейдiң шекаралас аумақтарында 30 миллионға жуық адам тұрады. Миллионнан астам тұрғыны бар бiрнеше қала орналасқан. Отандық тауарларды сату және инвестиция тарту үшiн Ресей билiгiнiң өкiлдерiмен және мекемелерiмен тығыз қарым-қатынас орнату — елiмiздiң шекара маңын дамытудың аса маңызды факторы.

Ауылдың әлеуетiн толық пайдалану — стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлiнше өзектi мәселелердi шешуге арналған «Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

Өңiрлердi дамыту iсiне қатысты тың тәсiл урбанизация үдерiсiн басқаруға, «миграция толқынын» кезең-кезеңмен жүргiзуге, iрi қалалардағы халықтың ты¬ғыз орналасуы мен әлеуметтiк шиеленiс мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.

IV. Азаматтардың әлеуметтiк әл-ауқаты — басты басымдық

Азаматтардың әлеуметтiк әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесiне тiкелей байланысты.

Нарық жағдайында тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгi адамдардың табысына және осы мiндеттi өздiгiнен шеше алу қабiлетiне орай жүзеге асады.

Менiң тапсырмам бойынша ел тұр¬ғын¬дарының зейнетақы жинағының бiр бөлiгiн пайдалану мәселесi пысықталды. Бұл, әсiресе, қазiр ерекше маңызды.

2021 жылдың өзiнде Бiрыңғай жи¬нақ¬таушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бiр бөлiгiн тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелiгiне бередi.

Үкiметке Ұлттық банкпен бiрлесiп, осы жылдың соңына дейiн барлық қажет¬тi нормативтiк-құқықтық актiлердi қабыл¬дап, дайындық жұмыстарын жүргiзудi тапсырамын.

Бұл реформа еңбек қатынастарын ашық әрi заңды жүргiзiп, зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыратын пәрмендi құралға айналады.

Өз бетiнше баспана мәселесiн шешуге табысы жетпейтiн азаматтарға тиiмдi әлеу¬меттiк көмек көрсетiлетiн болады.

Биылдан бастап «5-10-25» бағдар¬ламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 мил¬лиард теңге бөлiндi. Үкiмет осы бағдар¬ламаның жүзеге асырылу барысын үнемi қадағалап отыруы керек.

Кезекте тұрған адамдардың баспана мә¬селесiн тезiрек шешу керек.

Қазiр әкiмдiктер оларға арнап жалға берi¬летiн тұрғын үйлер салып жатыр. Бюд¬жеттiк және сатып алу рәсiмдерiне бай¬ланысты бұған ұзақ уақыт кетедi.

Бұл тәртiпке өзгерiс енгiзетiн кез келдi. Қаражатты тек үй құрылысына ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бөл¬ген жөн. Оның ауқымы осы шара¬ның арқасында алғашқы жылдың өзiн¬де-ақ 10 есе өсiп, жүз мыңнан астам отба¬сына нақты көмек көрсетiледi. Бұл жұмыс¬ты реттеудi Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi негiзiнде құрылып жатқан «От¬басы банкiне» тапсырдым. Банк басшы¬лығы тiкелей жауапты болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясын¬да жеке тұрғын үй салу iсi баяу жүрiп жатыр. Мұның басты себебi — үй салынатын аумақты дайындау iсiнiң қарқыны төмен. Өйткенi заң бойынша су және электр желiлерi жүргiзiлген аумақтан ғана жер берiледi.

Жер үй тек баспана ғана емес, сондай-ақ табысы аз, әсiресе көпбалалы от¬басылардың экономикалық тiрегi де бола алады. Үкiмет пен әкiмдiктер әлеуметтiк жер үйлер салынатын учаскелердi ин¬фра¬құрылыммен қамтамасыз ету iсiн же¬дел¬детуi қажет. Бұл ретте, мемлекет-же-кеменшiк әрiптестiгiн де қолданған жөн.

Депутаттардың осы маңызды мәселенi шешуге тiкелей атсалысуын сұраймын. Ауыл еңбеккерлерiн қолжетiмдi баспа¬намен қамтамасыз ету үшiн жұмыс бе¬рушiлердiң шығындарын субсидиялау арқылы жалдамалы үйлер салуға мiн¬дет¬теп, көптеген отандасымыздың тұрмыс сапасын неге жақсарта алмаймыз?!

* * *

Отбасылық-демографиялық ахуал — зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе.

Өкiнiшке қарай, Қазақстанда әр¬бiр алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандас¬та¬ры¬мыз¬дың 20 пайызға жуығы мұны ажы¬расуға негiз болатын елеулi себеп деп санайды.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының елiмiздегi халық санының өсiмiне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршiлес мем¬ле¬кеттермен салыстырғанда көңiл көншiт¬пейдi.

Үкiметке 2021 жылдан бастап «Аңса¬ған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстра¬кор¬пораль¬ды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлiнетiн квота санын 7 мыңға дейiн, яғни 7 есе көбейту қажет.

Балалардың қауiпсiздiгi мен құқығын қорғау мәселесiне ерекше назар аудару керек.

Бiз кәмелеттiк жасқа толмаған бала¬ларға қатысты жыныстық сипаттағы әре¬кеттерi үшiн қылмыстық жазаны едәуiр қатаңдаттық. Алайда бұл проблема әлi де ушығып тұр.

Мұндай қылмыскерлер рақымшылық алу және мерзiмiнен ерте босау құқы¬ғы¬нан айырылып, мейлiнше қатаң жазалануы керек. Оларды қауiпсiздiгi барынша жоғары түзеу мекемелерiнде оқшаулаған жөн.

Мұндай әрбiр iстi прокуратура орган¬дары ерекше бақылауға алуға тиiс. Әлеу¬меттiк және құқық қорғау органдарының әр嬬кет¬сiздiгi немесе салғырттығына ба鬬¬¬л¬¬а¬¬¬нысты қатаң жаза қолданылатын болады.

Жалпы, бiзге әлеуметтiк саясаттың жаңа парадигмасы керек.

Әлеуметтiк қамтамасыз ету саласы 17 заң¬мен және заңға сәйкес ондаған актiмен реттеледi. Бұл реттеу iсiнiң күрде¬ленуiне және жүйесiздiгiне әкеп соқ¬тырды. Соның салдарынан мемлекет жауап-кершiлiгi айқындалмай, азаматтар өз құқықтарын жете түсiнбей жүр. Үкiметке елiмiздiң Әлеуметтiк кодексiн әзiрлеу жұмысын бастауды тапсырамын.

Әлеуметтiк төлемдердi цифрландыру үшiн шаралар қабылдау керек. Осыған орай азаматтың «әлеуметтiк цифрлы әмиянын» енгiзiп, тиiстi тауар өткiзушi жүйе қалыптастыру қажет.

Бiздiң қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуi керек. Жас буынға еңбектi бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеудi үйреткенiмiз жөн.

Өкiнiшке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткiсi келедi. Олардың лоте¬реяға, бәс тiгуге және букмекер агенттiк¬терiне жаппай әуестiгiнiң себебi осында. Күнделiктi өмiрде гастарбайтерлер туралы орынсыз қалжың айту және олардың еңбегiн менсiнбеушiлiк етек алды.

Алаңдаумен өткен соңғы айларда ең¬бек етудiң баға жетпес қадiр-қасие¬тiн жете түсiндiк. Кiшi медицина қыз¬мет¬керлерi, коммуналдық және қызмет көрсе¬ту саласында еңбек ететiн азамат¬тар қыруар жұмыс атқарды. Бұл — нағыз еңбектегi ерлiктiң жарқын үлгiсi. Мұн¬дай адамдар мемлекет назарынан тыс қалмайды.

V. Қолжетiмдi әрi сапалы бiлiм

Коронавирус iндетiнiң салдарынан дүниежүзiндегi мектеп оқушылары мен студенттердiң басым көпшiлiгi қашықтан оқуға көштi. Бұл жұмыстың тәсiлi мен мазмұнын түбегейлi өзгертуде.

Қашықтан оқыту iсiн ұйымдастыруда Үкiметтiң жiберген қателiктерiн жақсы бiлемiз. Ашығын айтқанда, әлi күнге дейiн нақты бiр онлайн-платформа жоқ. Мұғалiмдер, оқушылар және ата-аналар күндiз-түнi «WhatsApp»-тан бас көтермейтiн болды. Толыққанды оқу үдерiсi үшiн қажеттi барлық функциялары бар бiрыңғай онлайн бiлiм беру платформасын шұғыл әзiрлеу қажет.

Дегенмен, сапалы бiлiм алу үшiн әдет¬тегiдей сабаққа қатысып, мұғалiмдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар¬ды сақтай отырып, бiлiм алудың қалып¬тасқан дәстүрлi тәсiлiне қайта көшудiң тәртiбiн әзiрлеген жөн. Бұл, әсiресе, мектептер үшiн маңызды.

Күнделiктi мәселелердi шешумен қатар, балалардың бәрiне бiрдей мү쬬кiн¬дiк туғызу үшiн жүйелi шаралар қа¬бы묬дау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тiлде оқыса да сапалы бiлiм алуы керек.

Бiлiм саласындағы басты мәселенiң бiрi — ұстаздар жалақысының аздығы.

Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бас¬тап мұғалiмдердiң еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнiнде шешiм қабыл¬дадым. Жалақы мөлшерi алдағы уақытта да арта бередi. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлiнедi.

Бiз балалардың мектепке дейiнгi жан-жақты даму мәселесiн шешуiмiз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етудi мiндеттеймiн.

Бұл түйткiл мемлекеттiк балабақша салумен ғана шешiлмейдi. Осы iске жеке бизнестi тартып, қолдаудың жа¬ңа түр¬лерiн, соның iшiнде қаржылан¬дырудың ваучерлiк тәсiлiн ойластыру қажет. Ата-аналар кез келген балабақшаны немесе мектептi таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады.

Мамандардың негiздеуiнше, мем¬ле¬кеттiң тек дарынды оқушыларды қолдауы балалар арасында әлеуметтiк ара-жiктi ұлғайтуы мүмкiн. Бұған жол беруге болмайды.

Осыған орай, мемлекет қара¬пайым мектептерге қолдау көрсетедi. Сонымен бiрге бұл қадам қала мен ауыл ара¬сын¬дағы бiлiм беру саласындағы алшақ¬тықты қысқартуға жол ашады.

Азаматтардың сауаттылығы мен цифр¬¬лы бiлiктiлiгiн арттыру мақса¬тында Үкi¬метке Үздiксiз бiлiм беру тұжы¬рым¬дама¬сын әзiрлеудi тапсырамын. Бұл құ¬жат¬та бейресми бiлiм берудiң баламалы нұс¬қаларын көптеп енгiзу, өз бетiнше оқу нә¬тижелерiн мойындау, кәсiби дағ¬ды¬¬ларды сертификаттау мәселелерiн қарас¬тыру қажет.

Сонымен бiрге бiз кәсiби бiлiм бе¬ру¬дiң бүкiл жүйесiн еңбек нарығында сұ¬ра¬нысқа ие бiлiктi мамандар қалып¬тас¬тыруға бағыттағанымыз жөн.

Кәсiпкерлердiң жаңа буынын қалып¬тас¬¬тыруға басымдық берiледi. Сол се¬бептi «Кәсiпкерлiк негiздерi» пәнi меꬬтептен бастап жоғары оқу орнына де¬йiн¬гi барлық бiлiм беру сатысында оқы¬ты-луы керек.

Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетiне аса назар аудару қажет.

Қаржы тапшылығы кезiнде мемле¬кет бюджетi есебiнен кәсiби спорт клуб¬тарын толықтай қамтамасыз ету¬дiң қажетi жоқ. Мемлекеттiң және квази¬мем¬лекеттiк компаниялардың бюджетiнен миллиардтаған теңге тиiмсiз жұмсалуда.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесiне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, iрi аудан орталықтарында спорт үйiрмелерiн ашу қажет.

«Балалар үйiрмесi» қызметiн қайта қалпына келтiрген жөн. Онда жастарымыз қолөнердiң және шығармашылықтың бастапқы негiздерiмен танысар едi.

Балалар үшiн қатерлi бүгiнгiдей аумалы-төкпелi заманда олардың күш-жiгерi мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетiмiздiң болашағы емес пе?! Әкiмдердiң жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз.

Бiлiм беру сапасы туралы бiрер сөз. Былтыр мен дипломды оңды-сол¬ды үлестiрумен айналысатын бiлiм меке¬мелерiн жабуды тапсырған болатынмын.

Бiлiм берудi табысты бизнеске айнал¬дырған ықпалды адамдардың қарсы¬лығынан бұл жұмыс баяу жүруде. Бiрақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселенi ерекше бақылауға алуға тиiс.

Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келедi.

Бұл мәселе бойынша бiзге тың көз¬қа¬рас пен жаңа тәсiлдер керек, сондай-ақ ха¬лық¬аралық тәжiрибеге арқа сүйеуiмiз қажет.

Үкiметке жыл сайын әлемнiң жетекшi ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуiн қамтамасыз етудi, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргiзу үшiн 1000 грант бөлудi тапсырамын.

Ғылымды қаржыландырудың және қол¬даудың маңызды көзi — iрi кәсiп¬орындардың, әсiресе шикiзат саласын¬дағы компаниялардың қаражаты.

Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қол¬даныстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компа¬ниялардың iшiнде бөлiнiске түсiп кетедi. Үкiметке осы қаражатты жинақтау iсiн орта¬лықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басым¬дық¬қа сай бөлiнуiн қамтамасыз етудi тапсы¬рамын.

Iрi бизнес өкiлдерi өңiрлiк универ¬си¬теттердiң ғылыми қызметiн қамқор¬лыққа алса, нұр үстiне нұр болар едi.

Бiзге елiмiздi ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөнiндегi арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның бас¬ты мiндетi ұлттық деңгейдегi нақты мәселелердi шешуге ғылымның әлеуетiн пайдалану болмақ.

VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту

Пандемия туындатқан дағдарыс бiздi көп нәрсеге үйреттi. Мәселен, дәрiгердiң еңбегiн бағалай бiлетiн болдық. Бiр кезде медицина қызметкерлерiнiң мемлекет назарынан тыс қалғаны рас едi.

Дәрiгер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Бюджеттi таяудағы нақтылау кезiнде екiншi жартыжылдықта медицина қызметкерлерiн ынталандыратын қосымша төлем үшiн 150 миллиард теңге бөлудi тапсырамын.

Мұны бiз қазiргi дағдарыс кезiнде қолға алып жатырмыз, ендi оны жүйелi түрде жүзеге асыруымыз керек.

2023 жылға қарай дәрiгерлердiң жала¬қысы экономикадағы орташа жалақыдан екi есе артық болады.

Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мәсе¬лесi шешiлдi, бiрақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негiзгi дәрi-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндiрiлуге тиiс. Бұл — ұлттық қауiпсiздiк мәселесi. Келесi жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемiн.

Тағы бiр мәселе — медициналық инфрବқұрылымды дамыту.

Жыл соңына дейiн елiмiздiң аймақ¬тарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға берiледi. Бұл — осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.

Елбасының бастамасымен Нұр-Сұл¬тан және Алматы қалаларында 2 көпса¬лалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар елiмiздiң бетке ұстар мекемелерiне айналып, инновациялық өсiмге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпiн беретiн болады.

Үкiметтiң алдында алғашқы дәрi¬гер¬лiк көмектi ұйымдастыру тәсiлдерiн түбегейлi қайта қарау мiндетi тұр. Бұл қызмет қалың жұртшылық, әсiресе ауыл тұрғындары үшiн мейлiнше жедел әрi қолжетiмдi болуға тиiс.

Шалғайдағы өңiрлерге көлiк арқылы дәрiгерлiк қызмет көрсету iсiн қайта қал¬пына келтiру шараларын жүзеге асыр¬ған жөн. Денсаулық сақтау iсiнiң тиiм¬дi моделiн құру арқылы үш жыл iшiнде барлық ауылдық елдi мекендi фельд¬шер¬лiк-акушерлiк пункттермен және дәрi¬герлiк амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет.

Пандемияға орай эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сияқты сирек мамандық иеленетiн дәрiгерлердi даярлау мәселесi өткiр қойылып отыр.

Үкiметке медицина мекемелерiн кадр¬лармен қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзiмдi (он жыл) болжам әзiрлеудi тапсырамын.

Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар бар¬¬лық медицина мекемелерiн қажеттi құрал-жабдықтармен толық жарақтан¬ды¬руға, науқастарға арналған орындар қо¬рын 50 пайызға жаңартуға, ескiрген ин¬¬фра¬құрылымды ауыстыруға, өмiр ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейiн жет¬кi¬зуге мүмкiндiк бередi.

VII. Экология және биологиялық әркелкiлiктi қорғау

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму — елiмiз үшiн алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкiл өркениеттi әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бiзге де мұндай жаппай үрдiстен шет қалуға болмайды.

Бiрқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстiң жобасы әзiрлендi. Парламенттiң бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейiн қарап, қабылдауын сұраймын

Үкiметке экологиялық ахуалды жақ¬сар¬ту жөнiндегi шараларды нақты жүзеге асыруға кiрiсудi тапсырамын. Биоло¬гиялық әркелкiлiктi сақтау және тиiмдi пайдалану жөнiндегi ұзақ мерзiмдi жос-парларды бекiткен жөн.

Бес жыл iшiнде орман алқабында 2 мил¬лиард, елдi мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл елi¬мiздегi көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септiгiн тигiзедi.

Елорданың айналасындағы жасыл же¬лектiң ауқымын ұлғайту мәселесi өте маңызды.

Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық және нормативтiк тұрғыдан қорғап, бұл са¬лада құқық бұзған азаматтарды қыл¬мыс¬¬тық және әкiмшiлiк жауапқа тарту тәртiбiн қатайту керек.

Мек¬тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәр¬бие беру iсiне жеткiлiктi назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды¬лық¬тарды орнықтыруға үндейтiн «Birge — taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелi түрде өткiзiп тұрған жөн.

Ел iшiндегi экологиялық туризм мә¬де¬ниетiн белсендi дамыту — маңызды мiн¬детiмiз.

Орта мерзiмдi кезеңде экономиканың өсiмi мейлiнше «жасыл экономика» жағ¬дайында iлгерiлеуге тиiс. Сондықтан қазiр¬дiң өзiнде көмiртегiнiң үлесiн барынша азайтуға бағыт ұстаған жөн. Үкiметке ғы¬лыми қауыммен және жеке сектормен бiр¬лесiп, «жасыл өсiм» жөнiндегi ұсы¬ныс¬тар жиынтығын әзiрлеудi тапсырамын.

Үкiмет азаматтық сектормен бiрлесiп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзiрлеуi қажет. Жануарларға көз¬қарас — кез келген мемлекеттiң өрке¬ниет¬тiлiгiнiң өлшемi. Ал бұл жағы¬нан бiздiң жағдайымыз мәз емес.

VIII. Әдiлеттi мемлекет азаматтардың мүддесiн қорғау жолында

Заң үстемдiгi орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауiпсiздiгiне кепiлдiк берiлмесе, әлеуметтiк-экономикалық дамудың бiр¬де-бiр мiндетi табысты жүзеге асырылмайды.

«Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» — бұл, шын мәнiсiнде, «Әдiлеттi мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерiн тыңдап, көрiп қана қою жеткiлiксiз. Ең бастысы — дұрыс жә¬не әдiл шешiм шығару қажет.

Азаматтар мүддесiне қызмет ететiн мем¬лекеттiң жаңа стандарттарын әзiрлеу үшiн көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұр¬ғыда құқық қорғау және сот жүйеле¬рiне негiзгi рөл жүктеледi. Бұл салаға ре¬форма аса қажет.

Жағдай жедел өзгеруде. Күштiк құ¬ры¬лымдар жұмыстың озық әдiстерiне кө¬бiрек ден қойған сайын олардың ха¬лық¬¬аралық тәжiрибелерге бейiмделу мүм¬кiн¬дiгi арта түседi.

Елiмiздегi бүгiнгi ахуалға орай азамат¬тардың сұраныстарына ықылас танытуға тиiс құқық қорғау органдарының алдына жаңа талаптар қойылуда.

Бiрақ құқық қорғау жүйесiнiң жұ¬мы¬¬сында бұрынғы дағды бойынша айып¬тауға бейiмдiлiк басымдау болып тұр. Аза¬маттардың қылмыстық жауап¬кер¬шiлiк¬ке негiзсiз тартылатын жағ¬дай¬лары да аз кездеспейдi.

Қылмысты анықтайтын жедел қызмет өкiлдерi мен процессуалдық шешiм қабылдайтын тергеушiлер қылмысты ашып, iстi сотқа жiберудi басты мақсат санайтын бiр басшының қарамағында бiрге жұмыс iстейдi. Алайда көрсеткiш қуалау азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiрмеуге тиiс!

Прокурорлық қадағалауға келсек, бұл жұмыс үнемi кешеуiлдеп жататынын көремiз. Прокурорлар iстiң мән-жайы¬мен тек сотқа жiберер алдында ғана таны¬¬сады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерiнiң тәжiрибесi бо¬йынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бiзге азаматтардың құқы¬ғын заманауи тұрғыдан қорғауды қам¬тамасыз ететiн және жоғары халық¬аралық талаптарға жауап беретiн үлгi керек. Қазақстанда өкiлеттiктердiң ара жiгi нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын.

Полиция қылмысты анықтап, оған қаты¬сы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге тиiс.

Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуел¬сiз баға беруге, азаматтар құқы¬ғын бұзудың жолын кесуге, кiнәсiз адам¬дардың қылмыс үдерiсiне тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қол¬дауға мiндеттi.

Сот органдардың әрекетiне қатысты шағымды қарайды және iс бойынша ақтық үкiм шығарады.

Мұндай тәсiл тежемелiк және тепе-тең¬дiк жүйесiн нығайтып, әр кезеңде тиiм¬дi саралау жүргiзiп отыруға мүм¬кiн¬дiк бередi.

Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әдiлеттiлiк сөзсiз қамтамасыз етiлуге тиiс. Қылмыстық iстегi қателiк адам тағ¬ды¬рын өзгертетiнiн естен шығармау керек.

Қылмыстық iстер бойынша 2021 жылдан бастап прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негiзгi про¬цес¬суалдық шешiмдердi келiсу мiндетiн заң арқылы жүктеген жөн.

Қылмыстық және қылмыстық-про¬цес¬суалдық заңнаманың тұрақ¬ты¬лығын қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Оған жиi өзгерiстер енгiзу құқық қолдану iсiне әсерiн тигiзедi және бiрыңғай тергеу және сот тәжiрибесiн қалыптастыруға мүмкiндiк бермейдi.

Заңнаманы қолдануға қатысты шешiм қабылдау кезiнде көбiне тиiстi талдау мен болжам жасалмайды. Шешiм заң қолданушыларға ыңғайлы болу тұрғысынан қабылданады. Сондықтан «әкiм¬шiлiк» және «қылмыстық» құқық бұзушылықтың жаңа ұғымын қалып¬тас¬тыру керек. Қоғамға және заң қауым¬дастығына құқық бұзушылық үшiн жаза белгiлеудiң қисыны түсiнiктi болады.

Барлық озық елдерде полиция институты сервистiк модель негiзiнде дамып келедi. Бiз де мұндай үлгiге көшетiнiмiздi мәлiмдедiк. Бiрақ жұмыс барысында аз ғана нәтижеге қол жеткiзiлдi.

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергiлiктi полиция қызметiнiң мейлiнше тұтас реформасын жасау қажеттiгi пiсiп-жетiлдi. Осыған орай учаскелiк инспектордың рөлiне баса мән берiлетiн болады.

Учаскелiк инспектордың мәртебесiн заңнама арқылы арттырып, оның өнiмдi жұмыс iстеуiне мол мүмкiндiк берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қол¬жетiмдi әрi беделдi болуға, солардың құ¬қықтарын қорғауға тиiс.

Құқық қорғау органдары қыз¬мет¬керлерiн жұртпен ашық әңгiме жүргiзуге үйретудiң маңызы зор. Бұл бағыт кадр¬ларды даярлау және iрiктеу жүйесiнде басымдыққа айналуы қажет.

Бейнебақылау жүйесiн дамыту жөнiнде көп айтылады. Бiрақ соған қарамастан құқық қорғау органдары көбiнесе өзде¬рi¬нiң ғимараттарында құрылғысыз оты¬рады. Түзеу мекемелерiне және поли¬цияның қызметтiк ғимараттарына жаппай бейнебақылау орнатуды тапсырамын.

Iшкi iстер министрлiгi құрылымын қайта қарап, оны саладан алшақ мiндет¬тер¬ден арылту керек. Бұл маңызды ведом¬ство жұмысының тиiмдiлiгiн арттырады.

Бiздiң табиғи және техногендi апаттар дәуiрiне қадам басқанымызды ескерiп, Төтенше жағдайлар министрлiгiн қайта құру қажет деп санаймын.

Қылмыстың алдын алу жұмыстарында да кемшiлiктер бар. Прокуратураның қа¬дағалауын азаматтарды және бизнес саласын толғандыратын проблемаларды тиiмдi шешуге бейiмдеп қайта бағдарлау керек.

Бiзге ауқатты инвестор келсе болды, күштiк құрылымдар мен бақылаушы органдар соны тексеруге асығады. Үкiмет пен Парламент күштiк құрылымдардың бизнес iсiне шамадан тыс араласуына заң арқылы тосқауыл қоюы керек.

Салыққа байланысты құқық бұзғаны үшiн бизнес өкiлдерiн қылмыстық жа¬уап¬кершiлiкке тартудың қазiргi тәртiбiн қайта қарау керек.

Тiркелген кәсiпкерлерге қатысты кез келген тергеу әрекеттерi тек сот немесе прокурор санкциясы арқылы ғана жүзеге асырылуға тиiс. Бұл мәселенi де қайта қарау керек.

Құқықтық мемлекеттiң маңызды шарты — туралықтан танбайтын әдiл сот төрелiгiнiң болуы. Сот жарыспалы қағидат бойынша жүруге және судья айып¬таушы жаққа тәуелдi болмауға тиiс. Сол үшiн адвокат пен прокурордың теңдiгiн қамтамасыз ету қажет.

Қоғамның соттарға деген сенiмiн орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айна¬луы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерiн жұ¬мыл¬дыруы арқасында ғана қол жеткiзуге болады.

Сот жүйесi ешкiмге есiк ашпайтын меңiреу мекемеге айналмауға тиiс. Жоғары сот кеңесi мен Жоғарғы сот жаңа кәсiпқой кадрларды сот төрелiгiн жүзеге асыруға тарту жұмысын белсендi жүргiзгенi жөн. Сот жүйесi салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлiк меншiк, корпоративтiк құқық саласының мамандарына зәру болып отыр.

Судьяларды iрiктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегiмен жүргi¬зiлуге тиiс. Үмiткердiң қандай еңбегi арқылы жұмысқа қабылданғанын жұрт¬шылық бiлiп отыруы керек.

Дау-дамайды шешудiң баламалық тәсiлдерiн де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттiң қатысуынсыз-ақ ымыраға ке¬луге жол ашады. Дамыған елдерде мұн¬дай институттар өзiн өзi таныта бiлуде.

Он жылдай уақыт бұрын бiз «Ме¬диа¬ция туралы заң» қабылдадық. Бiрақ қазiргi кезге дейiн бiрде-бiр мем¬лекеттiк орган оның даму мәселесiмен айналысқан емес. Айқын мемлекеттiк саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателiктi жөндеу керек.

Президент Әкiмшiлiгi жанынан Құқық қорғау мен сот жүйесi реформасы жөнiндегi өкiлдiк комиссия құрылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелi сипат алуда. Жемқорлықтың пай¬да болу себептерiне көбiрек назар ау¬дарылып, алдын алу жұмыстары жүргi¬зiлуде.

Ендi жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшiн мемлекеттiк органдар мен квазимемлекеттiк сектордың нормативтiк актiлерi мен жұмыс үдерiсiне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргiзген жөн.

Сонымен қатар сыбайлас жемқор¬лық¬пен күрес жауапқа тартылудан қорық¬қан шенеунiктердi дербестiк, баста¬ма¬шылдық және жедел әрекет ету қасиет¬терiнен айырмауға тиiс.

Бiз мемлекеттiк бақылауға балама ретiндегi қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиiстi құқықтық негiз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттiк органдардың, квазимемлекеттiк сек¬тор¬дың қоғам алдындағы ашықтығын және есептiлiгiн қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзiрлеп, қабылдауды тапсырамын.

Қоғамдық кеңестердiң рөлiн арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұ¬мы¬сына тарту қажет. Сондай-ақ, квази¬мемлекеттiк секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкiндiгiн қарастыру керек. Пар¬ламент қарауындағы тиiстi заң жобасын жыл аяғына дейiн қабылдаған жөн.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес¬тер¬дiң құрамына түрлi әлеуметтiк топ өкiлдерiн кеңiнен тарту қажет. Мысалы, бiз мүмкiндiгi шектеулi адамдар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үндерiн жеткiзуi үшiн қолайлы жағ¬дай жасауымыз керек. Олар әрқашан мем¬ле¬кеттiң ерекше назарында болуға тиiс.

Квазимемлекеттiк құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметiн, бюджет қаражатын пайдалану жөнiндегi мәлi¬меттердi және басқа да құнды деректердi бүкiл қоғамға қолжетiмдi ету үшiн бiрыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр.

Мемлекеттiк органдардың шешiмi жөнiндегi ақпараттың ашықтығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнатуға септiгiн тигiзедi. Ақпаратқа қол жеткiзу мәселелерi жөнiндегi заң жобасын мүмкiндiгiнше осы сессияның аяғына дейiн қабылдау керек.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жаңа тәсiлдерiн енгiзген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бас¬тап мемлекеттiк қызметшiлердiң, де¬пу¬таттардың, судьялардың шетел банк-терiнде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қа¬тыс¬ты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгiзу керек.

Мемлекеттiк қызметшiнiң немесе квазимемлекеттiк мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметiнен босатылады.

Құқық қорғау органдары қызмет¬кер¬лерiнiң, судьялардың, пара берушiлердiң және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшiн жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс¬ке өзгерiстер енгiзу керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер¬зiмiнен бұрын босату шарасы қол¬данылмайды. Жемқорлықпен ұсталған¬дардың мемлекеттiк қызметте және ква-зимемлекеттiк секторда жұмыс iстеуiне өмiр бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Бiз сыбайлас жемқорлық деректерi туралы хабарлаған адамдар¬ды заң жүзiнде қорғайтын жүйе қалып¬тас¬тыруымыз қажет.

Адам құқын қорғау жөнiнде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшiн бұл мәселенiң мәнi зор.

Бүкiл әлемдегi сияқты Қазақстанның азаматтары да интернеттегi ғайбат¬тау¬¬лардан қорғана алмай отыр. Бұдан ең ал¬дымен балалар зардап шегуде. Олар интер¬нет арқылы тараған қоқан-лоқының әсерiнен қатты қиналады. Өкiнiш¬ке қарай, соның салдарынан қайғылы жағдайға да ұшырап жатады. Азамат¬тарды, әсiресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөнiндегi заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келдi.

Балалар құқын қорғау жөнiндегi бас¬қа да шараларды күшейту керек. Атап айтқанда, Бала құқы жөнiндегi конвен¬цияның хабарлау рәсiмiне қатысты фа¬куль¬тативтiк хаттамасына қосылу қажет.

Азаптаумен күрес жөнiндегi ұлт¬тық заңнаманы жетiлдiру мәселесi маңыз¬дылығын жойған жоқ. Азаптағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк белгiлейтiн бұл құжатты Азаптауға және басқа да қаты¬гез, адамгершiлiкке жатпайтын iс-әре¬кеттерге қарсы конвенцияның ереже¬лерiне сәйкестендiру керек.

Адам саудасына қарсы күрес мәсе¬лесi де күн тәртiбiнен түспейдi. Бұл жағы¬нан Қазақстанның халықаралық қауым¬дастық алдындағы жағдайы айтар¬лық¬тай емес. Құқық қорғау органдары мұн-дай қылмыстарды тергеу рәсiмiн жетiл¬дiре түсуi керек. Осыған орай сот тәр¬тiбiмен қатаң жаза қолданылуы қажет. Бұл маңызды мiндет мемлекеттiк орган¬дар¬дың үйлесiмдi iс-қимылын талап етедi.

Парламенттегi заңдар тезiрек қа¬был¬данады деп үмiттенемiн.

IX. Цифрландыру — барлық реформаның негiзгi элементi

Цифрландыру — сәнге айналған үр¬дiске iлесу емес, ұлттың бәсекеге қабi¬леттiлiгiн арттырудың негiзгi құралы.

Ең алдымен, цифрлы теңсiздiктi жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгiнде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негiзгi қажет¬тiлiкке айналып отыр.

Әлеуметтiк жағынан осал отбасы¬лардың балалары компьютерлiк техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиiс. Осы жылдың соңына дейiн 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргiзiледi.

Бiз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз есiктi тоздыруға мәжбүр болып жүргенiн көрiп отырмыз.

Мұның бәрiн толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәлiметтер «зыр жүгiруге» тиiс.

Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезiнде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн. Жыл соңына дейiн ең қажеттi анықтамалардың қағаз түрiнде талап етiлуiн тоқтатып (47-ден 30-ы), мәлiметтi цифрлы түрде растау тәсiлiн қамтамасыз етудi тапсырамын.

Бiзде мекенжай, мүлiктiк және өзге де анықтамалар бойынша оң тәжiрибе бар. Мемлекеттiк органдар жеке куәлiктi, дип¬ломды, жүргiзушi куәлiгiн электронды түрде қабылдауға тиiс.

Халыққа электронды сервистердi қолдануды ыңғайлы ету үшiн мемлекеттiк қызмет көрсету iсiнде де, бизнесте де биометрияны кеңiнен пайдаланған жөн.

«Деректермен» жұмыс iстеудi жаңа деңгейге көтеру керек. Мәлiметтер базасының бiрыңғай жүйесiмен қамта¬масыз ету және оны әрi қарай дамыту — Үкiметтiң басты мiндетiнiң бiрi.

Әзiрге бұл жұмыс тиiстi деңгейде реттелмеген. Оның бiр себебi ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттiк және олармен үлестес бiрнеше компания басымдыққа ие болып отыр.

Министрлiктер мен әкiмдiктердiң де ақпараттық-сараптамалық немесе IT-құрылымдары бар. Мұндай құрылымдар ортақ стратегиямен санаспай, мекеме деңгейiндегi мүдденi ғана қорғайды.

Ақпараттық технологиялар нарығын, инжинирингтiк және басқа да жоғары технологиялар қызметiн дамыту — елiмiзде қосымша құн қалыптастырып, жұмыс орындарын ашып қана қоймай, осындай қызметтердi шетелге экспорттауға да жол ашады. Осы әлеуеттi толық пайдаланған жөн.

Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор.

Мемлекеттiк және жекеменшiк iрi ком¬паниялар шетелде жасалған әзiрле¬мелер мен қосымшаларды сатып алуға ондаған миллиард теңге жұмсайды.

Үкiмет өнеркәсiп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиiс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесiнiң қозғаушы күшi бола алатын цифрлы технология платформаларын құруға мүмкiндiк бередi.

Бiз Қазақстанның «мәлiметтердi» өңдеу және сақтау жөнiндегi халықаралық хабқа айналуына жағдай жасайтын заңдар қабылдадық. Былтырдың өзiнде цифрлы майнинг iсiне 80 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бiрақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Елiмiзге әлемдiк алпауыт цифрлы компанияларды тартуымыз керек. Әйтпесе өзге мемлекеттер алдымызды орап кетедi.

Бес жыл iшiнде осы салаға салынатын инвестиция көлемiн 500 миллиард теңгеге дейiн жеткiзуi қажет.

Х. Азаматтардың мемлекеттi басқару iсiне қатысуы

Бiз «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейiн айтқанымдай, бұл — мемлекеттiк органдар тек азаматтардың күнделiктi мәселесiне байланысты жауап қатуы тиiс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билiк пен қоғам арасындағы тұрақты диалог.

Ұлттық қоғамдық сенiм кеңесi аза¬маттық диалогты дамыту iсiне тың серпiн бердi. Кеңес елiмiздегi жалпыұлттық диалог үдерiсiн орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесiнде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы» заңдарға өзгерiстер енгiзiлдi. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстiң 130-бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-бабын iзгiлендiру үшiн өзгерiстер қабылданды. Жұмысты сапалы әрi же¬дел атқарғаны үшiн Парламентке риза-шылығымды бiлдiремiн.

Бұл — саяси саладағы реформа¬лары¬мыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту iсi жалғаса бередi. Мемлекеттiк билiктiң барлық дерлiк институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негiзгi мақсаты — тұтас мемлекеттiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнiнде жақсартқымыз келсе, олар¬дың өздерiн осы iске белсендi түрде тарт¬қан жөн. Алдағы саяси реформа¬лар¬дың барлығы халықты мемлекет бас¬қару iсi¬не кеңiнен қатыстыруға бағытталуы керек.

Мысалы, қоғамдық пiкiр сауалдамалары ауыл әкiмдерiнiң сайлау арқылы қызметке келуiне қатысты сұраныстың артқанын көрсетiп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйектi түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенiң қалай жұмыс iстейтiнiн нақты бiлуiмiз керек. Алайда бұл мәселенiң шешiмiн кейiнге қалдыруға болмайды.

Келесi жылы бiрқатар ауылдық округ әкiмдерiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталады. Ауыл әкiмдерiнiң тiкелей сайлауын өткi¬зуге болады деп ойлаймын.

Жергiлiктi билiк өкiлдерiнiң сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы құзыреттердi бөлу және жергiлiктi өзiн өзi басқару iсiн айқындап алуымыз қажет.

Аса маңызды мәселенiң бiрi — ай¬мақ¬тарды бюджеттен қаржыландыру моде¬лiн әзiрлеу. Бұл ретте «орталық пен өңiр» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңiр iшiнде бөлiнуiне айрықша назар аудару керек.

Жергiлiктi бюджеттердi бекiту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебi бөлiнген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттiлiгiне жұм¬сала бермейдi. Бiр-екi көшенi жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидж¬дiк iс-шараларға жұмсалатын тиiмсiз шы¬ғындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл — орынды.

Инфрақұрылымдық және әлеуметтiк бас¬тамаларға аудандар мен елдi мекен¬дер¬дiң бюджетiнен қаражат бөлу үшiн қо¬ғам¬дық сараптама жүргiзiлуге тиiс. Бұл рет¬те онлайн сауалдаманы да қолданған жөн.

Жергiлiктi өзiн өзi басқарудың қар¬жы¬лық мүмкiндiктерiн арттыру керек. Ол үшiн ауылдық округ бюджетiнiң мүлiктiк құқығын кеңейтiп, кiрiсiн арттыру қажет. Бұл «халық атсалысатын бюджет» жобасын дамытудың келесi кезеңi болғаны жөн. Үкiмет бұл маңызды мәселенi шешу үшiн осы жылғы 1 желтоқсанға дейiн нормативтiк база мен тиiстi ұсыныстарды әзiрлеуге тиiс.

Мәслихаттар өкiлдi орган ретiнде өңiр қаражатының тиiмдi жұмсалуын бақылауға жауапты. Бiрақ көп жағдайда олардың пiкiрi ескерусiз қалады. Бұл — барып тұрған саяси анахронизм.

Осы орайда мәслихаттарға өңiрдi дамыту және ондаған жылдар бойы шешiмiн таппай келе жатқан жергiлiктi түйткiлдi мәселелердi шешу үшiн қол жинау және петиция жасау құзыретiн беруге болады деп ойлаймын.

Мәслихаттардың тексеру комиссия¬ларын да күшейткен жөн. Үкiмет пен Есеп комитетiне заңдарға енгiзiлетiн тиiстi түзетулер топтамасын әзiрлеудi тапсырамын.

Мәслихат отырыстарының мiндеттi онлайн-көрсетiлiмдерiн енгiзу қажет. Халық қалаулыларының өзара пiкiр¬та¬ласы, олардың қоғамдық-саяси келбетi жұрт¬шылық үшiн қол жетпес құпия болмауға тиiс.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары құзы¬реттерiнiң аражiгiн кезең-кезеңмен ажырату қажет.

Жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары болып саналатын жиындар мен жина¬лыстардың мәртебесiн арттырған жөн. Аудандық мәслихаттар нақты шешiм¬дер қабылдаған кезде олардың өзектi мәселелер туралы пiкiрiн ескеруге тиiс.

Қалалардағы өзiн өзiн басқару мәсе¬лесiне жеке-дара тоқталған жөн.

«Мүлiктiк меншiк иелерiнiң бiрлес¬тiгi» институтын енгiзу жөнiндегi реформа басталды. Тиiстi заң да қабылданды. Ен¬дi барлық көппәтерлi тұрғын үйлер кезең-кезеңмен осы басқару нысанына көшедi.

Бұл реформа меншiктi басқару iсiнде тұрғындар пiкiрiнiң ескерiлуiн, сондай-ақ тұрғын үйдi пайдалану және жөндеу жұ¬мыстарына бөлiнген қаражаттың ашық¬тығы мен есептiлiгi болуын көздейдi.

Үкiмет пен әкiмдер осындай маңызды реформаның жүзеге асырылуын қамта¬масыз етуге тиiс. Себебi мұндай бiрлестiк — өзiн өзi ұйымдастыру және басқару институтының бастау негiзi.

Жергiлiктi өзiн өзi басқаруды дамы¬тудың жаңа тұжырымдамасын әзiрлейтiн кез келдi. Парламент соның негiзiнде тиiстi заңдар қабылдайды.

Ашығын айтуымыз керек, мемле¬кет¬тiк органдарда әлi де болса формализм мен жайбасарлық кеңiнен етек алып отыр. Азаматтарымыз өздерiнiң жергi¬лiктi деңгейдегi мәселелерiмен орта¬лық мемлекеттiк органдарға жүгiнiп, Мем¬лекет басшысына шағымдануға мәжбүр.

Сол үшiн жергiлiктi жердегi басшы¬лардың құзыретi мен жауапкершiлiгiн арттыру керек.

Әлеуметтiк желiлердiң арқасында өңiрлерде шешiмiн таппаған мәселелер бүкiл елге белгiлi болып жатады.

Азаматтарымыз реформаларға бас¬тамашы болып, ұсыныстар беру үшiн онлайн-петициялардың бiрыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бiр бұрмалау әрекеттерiнен толық қорғалуға тиiс.

Үкiмет азаматтық қоғаммен бiрлесiп, осы маңызды жобаның нормативтiк-құ¬қық¬тық базасын әзiрлеуге және оның бар¬лық техникалық мәселелерiн шешуге тиiс.

Ел азаматтарының мүддесiн қорғау жөнiндегi маңызды миссияны бұрын¬ғыдай саяси партиялар атқара бередi.

Nur Otan партиясы өзiнiң iс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекшi саяси күш екенiн дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзiнiң әлеуетiн толықтай пайдаланатын болады.

Сонымен бiрге мен, Мемлекет басшысы ретiнде, шын мәнiндегi көппартиялық жүйенi дамытуға күш салуға мiндеттiмiн.

Бiз бiр орында тұрған жоқпыз. Саяси жүйемiздi жаңа жағдайға бейiмдеп, оны бiртiндеп жетiлдiрiп келемiз. Саяси реформалар қоғамымызға қажет, сондықтан олар мiндеттi түрде өз жалғасын табады.

Демократияның басты жауы — бiлiм¬сiздiк пен популизм. Осыны естен шығар¬маған жөн. Азаматтарымыз реформаларға қолдау бiлдiредi деп сенемiн. Олар жа¬ңа саяси мүмкiндiктердiң арқасында қоғамда «хайпократияның» белең алуына жол бермейдi деп үмiттенемiн.

Айтылған барлық реформалардың, өзгерiстердiң табысты жүзеге асуы бар¬¬шамыздың бiрлiгiмiзге, отан¬¬шы묬дығымызға және азаматтық жауап¬кер¬шiлi¬гiмiзге байланысты.

ХI. Ұлттың жаңа болмысы

Қазiргi мiндет — халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.

Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетiлдiру қажеттiгiн өмiрдiң өзi көрсетiп отыр.

Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдiң жетiстiгiн жаһан жұртына таныта алады.

Мен халқымыздың әлем үлгi тұтарлық жақсы қасиеттерiнiң көбiрек болғанын қалаймын.

Ұлтымыз жаңа сапаға көшуi үшiн бiз¬дiң күнделiктi өмiрлiк ұстаным¬дары¬мыз да өзгеруi керек.

Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жә¬не жаңа бағдарлар салтанат құруға тиiс.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бi¬¬лiм¬дi болуға оқу керек. Бай болуға кә¬сiп керек. Күштi болуға бiрлiк керек. Осы ке¬рек¬тердiң жолында жұмыс iстеу керек» дейдi.

Бұл көзқарас бүгiнгi күнi өте маңызды.

Бiрiншiден, ХХI ғасырдың ұрпағы терең бiлiмдi болғаны жөн.

Екiншiден, жас буынды ерiнбей еңбек етуге бейiмдеу қажет.

Үшiншiден, кез келген iстi кәсiби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.

Төртiншiден, темiрдей тәртiп және жоғары жауапкершiлiк баршамыздың бойымызда болуы керек.

Бесiншiден, әдiлдiктен айнымаған жөн. Әдiлдiк — қоғам дамуының маңызды шарты. Әдiлеттiлiк — әсiресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшiн аса қажет қасиет.

Алтыншыдан, бiзге керегi — адалдық, ұқып¬тылық, тиянақтылық. Бәрiмiз нағыз қବ¬зақты дәл осындай кейiпте көргiмiз к嬬ле¬дi. Бiз сонда ғана бәсекеге қабiлеттi ме쬬л嬬кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.

Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегi мiндетi — ұлт болмысының жаңа қағи¬даттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапа¬сын арттыруға атсалысу.

Жаңғырған қоғам жат әдеттерден бiртiндеп арылуы керек.

Ысырапшылдық пен даңғазалық қо¬ғам¬ның да, адамның да абыройын тө¬гедi. Жауапсыздық, немқұрайдылық бү¬кiл елдi қасiретке ұшыратады. Ал бос сөз¬дi¬лiк пен бөспелiк, мақтаншақтық қоғам¬ның дамуын тежейдi. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шын¬ның бетiн бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгiнгi күнi де өзектi болып отыр.

Биiк мұратқа жетелейтiн еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сiңiргенiмiз жөн.

Бiздiң елiмiзде «Жауапты мемлекет — жауапты қоғам — жауапты адам» жүйесi берiк орнығуы керек.

Құрметтi отандастар!

Алдымызда ауқымды әрi күрделi мiн¬деттер тұр. Соларды табысты жүзеге асы¬ру үшiн тың тәсiл, жаңаша ойлау, жал¬пы¬ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.

Бiздiң стратегиялық бағытымыз — ай¬қын. Түйткiлдi тұстарымыз бен кемшi¬лiк¬терiмiздi жақсы бiлемiз.

Бүгiн мен бүкiл қоғам алдында дағда¬рыс жағдайында атқарылатын iс-шара¬лар¬дың жоспарын баяндадым. Оның жемiс¬тi жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты.

Баршамыз өз-өзiмiздi дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бiзден үздiксiз қозғалысты, мықты күш-жiгердi және табанды еңбектi талап етiп отыр.

Сондықтан елiмiздiң бақытты әрi жарқын келешегi әр азаматтың қажырлы қызметiне байланысты болмақ.

Әр буынның маңдайына түрлi сынақ жазылған.

Бiз төл тарихымызда тағдырдың түрлi сынынан әрдайым сүрiнбей өттiк. Елiмiз ең күрделi деген мiндеттердi шеше алады. Бiз бұған дайынбыз.

Бiз — халқымыздың тәуелсiздiк жо¬лындағы сан ғасырлық арман-тiлегiне қол жеткiзген ұрпақпыз.

Келер жылы тәуелсiздiгiмiзге 30 жыл болады. Бұл мерейлi дата — Егемен елiмiз үшiн аса маңызды меже. Бұл — жаңа тарихи кезеңнiң басы.

Бiзге мемлекеттiң болашағы үшiн зор жауапкершiлiк жүктелiп отыр.

Бiрлiгiмiз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңiп, мақ¬сатымызға жетемiз.

Бұл бiздiң қолымыздан келедi.

Мен бұған кәмiл сенемiн.

Елiмiз әрқашан аман болсын!

Мақаланың шыққан күні: 02.04.2018 12:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2020 12:10
Қаралым саны: 1521

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2023 «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»